Шанхай кітапханасымен ынтымақтастықтың перспективалары

Шанхай кітапханасымен ынтымақтастықтың перспективалары

Шанхай, 2021 жылғы 12 наурыз – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов ҚР мен ҚХР арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жұмыстары аясында Шанхай кітапханасына барып қайтты.

Шанхай кітапханасы Қытайдағы ең ірі қоғамдық кітапханалардың бірі болып табылады, оның кітап қорында қытай және шет тілдеріндегі 54 млн. астам басылымдар бар. Шанхай кітапханасында ежелгі кітаптардың, қолжазбалардың, манускрипттердің, генеалогиялық жазбалардың және т.б. жалғыз дара даналары сақталғанын атап өткен жөн. 2021 жылдың екінші жартыжылдығында Шанхай қ. Пудун Жаңа ауданында Шанхай кітапханасы филиалының ашылуы жоспарлануда.

ҚР Бас консулының Шанхай кітапханасы директорының орынбасары Лю Вэймен кездесуінде Шанхай кітапханасы мен Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.