Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 5:00-де (жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-де) ҚР-дың Шанхай қаласындағы Бас консулдығының жанында құрылған №294 сайлау учаскесі ашылды және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау басталды.
№294 сайлау учаскесінде Шанхай қаласы мен Чжэцзян, Цзянсу, Аньхуэй, Цзянси және Фуцзянь провинцияларындағы ҚР азаматтары дауыс бере алады.
№294 сайлау учаскесінде бірінші болып Айтбаев Марат Қасенұлы дауыс берді.