Қытай деректеріне сәйкес соңғы жылдар ішінде Қытай Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда әріптесі болып саналады, ҚР тауар айналымының жалпы көлемінде оның бөлігі 17% -дан асады.
ҚР ҚМ МКК деректері бойынша 2015 жылы екіжақты сауда көлемі 10,6 млрд. долл. (-34,8%) құрады, оның 5,5 млрд. долл. (-44%) ҚР экспорты, 5,1 млрд. долл. (-31%) ҚР-ға импорты. ҚР оң сальдосы – 400 млн. доллар.
2016 жылы қаңтар-қазан аралығында екіжақты сауда көлемі 6,23 млрд.долл. құрады, оның 3,34 млрд.долл. ҚР экспорты, 2,88 млрд.долл. ҚР-ға импорты. ҚР оң сальдосы – 580 млн. доллар.
ҚР ҚХР-ға экспорты: минералды өнімдер, металл және химия өнеркәсібінің өнімдері. ҚР импорты: тоқыма бұйымдары, машиналар, жабдықтар, металл бұйымдары, минералдар, керамика мен әйнек, халық тұтынатын тауарлар.
Инвестиция саласындағы ынтымақтастық. ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша 2016 ж. 31 маусымға ҚХР-дың ҚР-ға инвестицияның жиынтық көлемі 14,75 млрд. долл., оның 2,96 млрд. долл. тікелей, ал 2,9 млн. долл. қоржындық және 1,78 млрд. долл. басқа да инвестициялар құрады. 2015 жылы ҚХР тікелей инвестициясының көлемі 442,7 млрд. долл. құрады. ҚХР инвестициясының Қазақстандағы басты салалары көлік пен қаттау, мұнай – газ, құрылыс және кенөндіруші салалар болып танылады.
2016 жылдың 31 маусымға дейін ҚР Қытайға 3,24 млрд. долл. көлемінде инвестиция жасады, оның 178,1 млн. тікелей, 110,7 млн. қоржындық, 2,95 млрд. долл. басқа да инвестициялар. 2015 жылы ҚР тікелей инвестициясы 46,3 млн. долл., 2016 жылдың 1-жартысында 27,5 млн. долларын құрады.
2013 жылы сәуірде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен ҚХР Халықаралық саудабойынша көмек комитеті Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге (ҚҚІК) қол қойды.
2015 жылы ҚР ИДМ мен ҚХР даму және реформа жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында (ДРМК) индустриализация және инвестиция саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға және индустриализация және инвестиция саласындағы шектелмелі келісімге қол қойылды.
ҚР ИДМ мен ҚХР Даму және реформа жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы 10-отырыстың қорытындысы бойынша (2016 жылы 29 қыркүйек) автокөлік жасау, ауыл шаруашылығы, химия, тау-кен рудасы, мұнай және газ, құрылыс, металлургия, жеңіл өнеркәсіп, минералды тыңайтқыштарды шығару, энергетика және логистика, жаңа технологиялар салаларында жалпы құны 26 млрд. долларды құрайтын 51 инвест жобалардан тұратын тізім бекітілді.
Екі елдің үкімет басшылары орынбасарлары тең төрағалығымен Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитет (ЫК) жұмыс істейді: ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Мамин (2016 ж.қыркүйегінен бастап); ҚКП ОК Саяси бюросының Тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік Кеңесі Премьерінің орынбасары Чжан Гаоли (2013 жылы наурыздан бастап). 2015 жылы 25 тамызда Бейжіңде Комитеттің 7-отырысы өтті. Комитеттің келесі отырысы 2017 жылы ҚР-да өтеді.
ЫК астында 10 бейінді комитеттер (сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік саласындағы ынтымақтастық, теміржол көлік саласындағы ынтымақтастық, өткізу бекеттері арасындағы және кеден істері саласындағы ынтымақтастық, ғылыми техникалық ынтымақтастық, қаржы ынтымақтастық, энергетикалық ынтымақтастық, геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық), сондай-ақ Трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау жөнiндегi бiрлескен комиссия мен Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия жұмыс істейді.