2018 ж. 18 қаңтарда ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі Көші-қон қызметінің ресми веб-сайтында жарияланған 24-сағаттық визасыз транзит жөніндегі түсініктемеге сәйкес, Қытай аумағымен әуе, кеме және темір жолдары арқылы транзитпен басқа елге немесе аймаққа өтетін және транзиттік болу уақыты 24 сағаттан аспайтын шетелдік жолаушыларға қатысты 24-сағаттық визасыз режим қолданылады.
Бұл режим «Елге кіру және елден шығу туралы» ҚХР Заңының, «ҚХР-ға кіру және елден шығу кезіндегі шекаралық бақылау қағидаларының», сондай-ақ тиісті заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілердің ережелерімен реттеледі. Орнатылған тәртіп бойынша, қолында халықаралық рейске жарамды билеті бар, транзиттік болу уақыты 24 сағаттан аспайтын шетелдік азамат ҚХР шекаралық бақылау органдарында Қытай аумағына кіруге уақытша рұқсатнаманы ресімдеу қажет.
24-сағаттық визасыз транзитті қолдануға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматы, Қытай аумағына кіруге уақытша рұқсатнаманы ресімдеу үшін қолданыстағы паспортты немесе басқа да жолаушы куәлігін, транзиттік билетті ұсынып, шетелдік көші-қон карточкасын толтырып, бақылау-өткізу пунктерінде ҚХР шекаралық бақылау органдарымен сұхбат өту керек.ҚХР шекаралық бақылау органдары Қытай аумағына кіруге уақытша рұқсатнаманы ресімдеуден келесі жағдайларда бас тартады: 1) әкімшілік және басқа да құқық бұзушылықтар болған кезде; 2) паспорттың жарамдылық мерзімінің аяқталуына 3 айдан кем уақыт қалған кезде немесе паспортында виза беруден бас тартылғаны туралы ҚХР шекаралық бақылау органдарының белгілері болған жағдайда; 3) 5 жыл ішінде ҚХР мемлекеттік шекарасын заңсыз бұзғаны, ҚХР-да заңсыз тұрғаны, жұмыс істегені туралы жазбалар болған кезде; 4) 2 жыл ішінде ҚХР-да тұрғылықты жері бойынша тіркеу қағидаларын бұзғаны немесе оған қатысты ауыр жағдайлар туралы жазбалар болған жағдайда.
Қытай аумағына уақытша кіргеннен кейін кенеттен ауыру немесе
форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде және бұл жәйттар елге кіруге арналған рұқсатнаманың уақыт шектеуінен(24 сағат)шығуды талап ететін болса, шетелдік азамат орнатылған тәртіпке сәйкес, Қытайда болу мерзімін ұзартуға тиісті рұқсатты ресімдеуге құжаттарды ҚХР көші-қон органдарына тапсыруы қажет. Қытай аумағына уақытша кіргеннен кейін берілген рұқсатнаманың уақыт шектеуінен(24 сағат)шыққан және Қытайда болу мерзімін ұзартуға тиісті рұқсатты ресімдемеген шетелдік азаматты қатысты ҚХР көші-қон органдары немесе уездік деңгейден жоғары халық үкіметтерінің қоғамдық қауіпсіздік органдары жазаға тартады.