Шанхай қаласындағы ҚР Бас консулдығында нотариаттық іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 Нотариат туралы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
36-бап. Консулдық қызметтi жүзеге асыратын адамдар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер
Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландырады;
2) мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;
3) ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге де адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi;
4) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;
5) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
6) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырады;
7) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;
8) азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады;
9) құжаттар берiлген уақытты куәландырады;
10) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi;
11) ақшаны депозитке қабылдайды;
12) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;
13) теңiз наразылықтарын жасайды;
14) дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.