ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫН КОНСУЛДЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ

ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫН КОНСУЛДЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ

I. Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi Қазақстан Республикасының келесi санаттағы азаматтарын есепке алуды жүзеге асырады:
- Консулдық округ аймағында тұрақты тұрып жатқандарды (тыс жерде тұрақты тұруға шығу рұқсаты негізінде жүзеге асырылады);
- Консулдық округ аймағына уақытша келгендердi (ұйымдар мен жеке адамдардың шақыруы бойынша оқуда, емделуде, туристік және жеке сапарда, шет елдерде қызметтік іссапарда жүрген адамдар жатады);

II. Шет елдердегi Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алудың мақсаты:
- Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
- Болу елдерiнiң заңдары, Қазақстан Республикасы мен болу мемлекетi қатысушы болып табылатын халықаралық шарттары, сондай-ақ халықаралық ғұрыптары ұсынған барлық құқықтарды Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына жан-жақты көмек көрсету;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Конституциясы мен басқа да Қазақстан Республикасының заң актiлерiн сақтауларын және олардың өз мiндеттерiн орындауларын бақылау.

III. Тұрақты консулдық есепке тұру үшін Мәскеу қаласындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- Өтініш;
- Толтырылған тіркеу карточкасы;
- Бір сурет 3х4;
- Паспорттың көшірмесі;
- Шетте тұрақты тұруға кетуге рұқсаттың көшірмесі;
- Қазақстаннан мекен-жайдан кету парағының көшірмесі;

IV. Уақытша консулдық есепке тұру үшін Бейжің қаласындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- Өтініш;
- Толтырылған тіркеу карточкасы;
- Бір сурет 3х4;
- Паспорттың көшірмесі;

Дата публикации
05 марта 2018