Сеулде қазақстандық суретшінің туындылары көрсетілді

Сеулде қазақстандық суретшінің туындылары көрсетілді

Сеул, 2024 жылғы 12 шілде - Сеулде Орталық Азия елдері мен Корея суретшілерінің "K-Art with North" атты көрмесі ұйымдастырылып, оның аясында қазақстандық суретші Бақыт Шүкеевтің тамаша еңбектері ұсынылды.

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Нұрғали Арыстанов Орталық Азияға қатысты оңтүстіккореялық “K-Silk ROAD” стратегиясында өңір  елдері мен Корея Республикасы арасындағы мәдени байланыстарды тереңдетуге үлкен назар аударылғанын атап өтті. Бұл үрдісте “Орталық Азия – Корея Республикасы” ынтымақтастық форумы аясында көпқырлы диалогты одан әрі тереңдету ерекше рөл атқаратыны  айтылды.

Кореяның шет тілдер университетінің Халықаралық аймақтық зерттеулер орталығының Директоры д-р Каң Джун Ёң өз сөзінде Корея Республикасы Президенті Юн Сок Ёлдің Орталық Азияға жасаған жуырдағы сапарынан кейін аймаққа деген қызығушылықтың айтарлықтай артып, мәдени байланыстардың жандана түскенін атап өтті.

Тараптар мәдени-гуманитарлық алмасуларды одан әрі дамытуға, екі ел азаматтарының тікелей байланыстарын кеңейтуге ықпал етуге келісті.

Корей тарапының бастамасымен ұйымдастырылған көрме қаланың Букчхон атты адам көп жүретін туристік ауданында 2024 жылдың 19 шілдесіне дейін жалғасады.