Қазақстан Елшісі «ОАКР» ынтымақтастық форумы хатшылығының Атқарушы директорымен кездесті

Қазақстан Елшісі «ОАКР» ынтымақтастық форумы хатшылығының Атқарушы директорымен кездесті

2023 жылғы 1 тамызда Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.А.Арыстанов «Орталық Азия - Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы хатшылығының Атқарушы директоры Ли Чжонг Гукпен кездесті.

Елші Хатшылықтың жұмысымен танысып, ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі тығыз өзара іс-қимыл және екіжақты байланыстар орнату туралы уағдаласты.