
2023 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Дүйсенбаев Корея Президентінің аға хатшысы Чжаң Соң Минмен кездесу өткізді.
Елші екіжақты қарым-қатынастың басты жетістіктерімен, атап айтқанда, 2022 жылғы сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың жоғары көрсеткіштерімен таныстырды. Чжаң Соң Мин Президент Юн Сок Ёльдің Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға ниетті екендігі туралы айтты.
Кездесу барысында тараптар 2023 жылға жоспарланған бірқатар ресми іс-шаралардың дайындық барысы туралы пікір алмасты.