
Қазақстан Республикасы Елшісі Б.Дүйсенбаев Корея экономикасын сауда арқылы ілгерілету үшін 1946 жылы құрылған және қазіргі уақытта 73000-нан астам мүше-компаниялары бар ірі бизнес-ұйым болып табылатын Корея халықаралық сауда қауымдастығының (KITA) басшылығымен кездесті.
Тараптар Қазақстанда жасалған қолайлы жағдайларды ескере отырып, Оңтүстік Кореяның шағын және орта бизнесін қазақстандық бағытта жандандыру жолдарын талқылады.
2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Doing Business рейтингісінде үш сатыға көтеріліп, 25 орынға ие болғанын айта кету керек.