
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Б.Дүйсенбаев LG Sciencepark-та болып, онда Оңтүстік Корея компаниясының ақпараттық технологиялар, машина жасау, тұрмыстық техника өндіру, жаңартылатын энергия көздері және т.б. саласындағы алдыңғы қатарлы өндірмелерімен танысты. Ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.