Корея Республикасының өңірлерімен ынтымақтастық кеңеюде

Корея Республикасының өңірлерімен ынтымақтастық кеңеюде

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Дүйсенбаевтың елдің оңтүстік өңірлеріне сапары аясында Ульсан қаласына ресми сапары өтті.

Қазақстандық делегацияны Ульсан қаласының экономикалық мәселелер жөніндегі Вице-мэрі Чо Вон Гёнг қабылдады. Корей тарапы Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік білдірді. Атап айтқанда, 2010 жылы Ульсан қаласы Қазақстанның Қарағанды облысымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісім жасағандықтан, оның Қарағанды облысымен ынтымақтастықты жандандыру ниеті атап өтілді. Сондай-ақ, тараптар білім және туризм саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Ульсан қаласы ел экспортының жалпы көлемінің 20%-дан астамын қамтамасыз ететін Корея Республикасының ең ірі өнеркәсіптік қаласы. Қалада кеме жасау, автомобиль жасау және мұнай химиясы дамыған.