Меню

Страницы

Статья

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР ҚМ МКК деректері бойынша Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы тауар айналымы 2023 ж. 6 млрд. АҚШ құрады, мұнда Қазақстанның Кореяға экспорты – 3,8 млрд. АҚШ долл., Кореяның Қазақстанға импорты – 2,2 млрд. АҚШ долл. құрады. 

Корей тарапының статистикалық деректеріне сәйкес, 2023 ж. Қазақстан мен Корея арасындағы сауда 5,5 млрд. АҚШ долл. құрады, мұнда Қазақстанға экспорт – 2 млрд. АҚШ долл., Кореяға импорт – 3,5 млрд. АҚШ долл. құрады. 

Қазақстандық экспорттың негізгі баптары: шикі мұнай, қара металдар, қоспаланбаған болат пен темір.

Қазақстандық импорттың негізгі баптары: қазандар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар.

Корея Республикасы ҚР экономикасына жетекші шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады. Мәселен, 2015 жылдан бері корей инвестицияларының ағыны 9,4 млрд. АҚШ долл. құрады. 2023 жылғы 3 тоқсанда Оңтүстік Кореядан Қазақстанға инвестицияларының ағыны 953 млн. АҚШ долл. құрады.

ҚР-да Оңтүстік Кореяның 740-ден астам заңды тұлғалары, филиалдары мен өкілдіктері жұмыс істейді.

Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызды тетігі болып табылады. Осы уақытқа дейін Үкіметаралық комиссияның 9 отырысы өткізілді (соңғысы – 2020 ж. 17 қарашада БКБ режимінде).

Комиссияның тең төрағалары Қазақстан тарапынан – Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қ.Шарлапаев, Оңтүстік Корея тарапынан – Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрі Ан Док Кын болып табылады.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Р.Склярдың басшылығымен Корея Республикасымен инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы құрылғалы бері ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Р.Скляр Корея Республикасына жұмыс сапарымен 2 рет келді (2021 ж. 20-21 қазан, 2023 жылғы 13-15 сәуір). 

Дата публикации
31 марта 2020
Дата обновления
31 марта 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
28 мая 2025
Құжаттарды заңдастыру
Ақпарат
24 апреля 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
24 апреля 2025
Консулдық алым мөлшері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары