Меню

Страницы

Статья

Екіжақты қатынастар

1992 жылғы 28 қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1993 жылы Корея Республикасының ҚР-дағы Елшілігі ашылды.

1996 жылы ҚР-дың Корея Республикасындағы Елшілігі ашылды.

ҚР-дың Корея Республикасындағы Елшісі Н.Арыстанов (2023 ж. маусым айынан бастап).

Корея Республикасының ҚР-дағы Елшісі Чжо Тэ Ик (2023 ж. мамырдан бастап).

 

Саяси ынтымақтастық

Жоғары деңгейдегі байланыстар:

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев Корея Республикасына 5 рет (мемлекеттік сапармен үш рет – 1995 ж. 15-18 мамырда, 2010 ж. 21-23 сәуір, 2016 ж. 9-11 қараша; ресми сапармен – 2003 ж.12-14 қарашада және 2012 ж. 26-27 наурызда ядролық қауіпсіздік жөніндегі II Саммиттің жұмысына қатысу шеңберінде жұмыс сапарымен) барды.

Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев халықаралық іс-шаралар аясында оңтүстік кореялық көшбасшылармен (2008 ж. 9 тамызда Ли Мен Бакпен Бейжіңдегі Олимпиада ойындары шеңберінде, Пак Кын Хемен 2013 ж. 6 қыркүйекте Санкт-Петербургте G20 Саммиті шеңберінде, 2016 ж. 4-5 қыркүйекте Ханчжоуда G20 Саммиті шеңберінде, 2018 ж. 19 қазанда Мун Чжэ Инмен  Брюссельде Азия-Еуропа форумының Саммиті шеңберінде) кездесті.

2020 ж. 22 қазанда – ҚР Президенті Қ.Тоқаев Корея Республикасының Президенті Мун Чже Инмен телефон арқылы сөйлесті.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев 2021 ж. 16-17 тамызда Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды.

Корея Республикасының Президенттері Қазақстанға 6 рет (4 рет мемлекеттік сапармен келді: Но Му Хён-2004 ж. 18-20 қыркүйек, Ли Мён Бак – 2009 ж. 12-14 мамыр, Пак Кын Хе – 2014 ж. 18-20 маусым,  Мун Чжэ Ин –  2019 ж 21-23 сәуір.; Ли Мен Бак – 2011 ж. 24-25 тамыз және 2012 ж. 13-14 қыркүйекте 2 рет ресми сапармен) келді.

 

Жоғары деңгейдегі байланыстар:

2018 ж. 16-17 сәуір – Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Ген Хва Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.

2019 ж. 8-10 шілде - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиевтің Сеулге сапары.

2019 ж. 4-6 тамыз – ҚР Әділет министрі М.Бекетаевтың Сеулге сапары.

2019 ж. 15-17 қыркүйекте - ҚР Сыртқы істер министрі Б.Атамқұловтың Сеулге ресми сапары.

2019 ж. 15-16 қазанда – «Орталық Азия – Корея Республикасы» 12 – ші форумының жұмысына қатысу үшін Кореяның Сыртқы істер министрі Кан Ген Хваның ҚР-ға жұмыс сапары.

2020 ж. 24-26 қарашада – «Орталық Азия – Корея Республикасы» 13 – ші форумының жұмысына қатысу үшін ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Сеулге сапары.

2021 ж. 26 мамырда ҚР Премьер – Министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Чон Ый Ёнмен телефон арқылы сөйлесті.

2021 ж. 20-21 қазанда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Склярдың Корея Республикасына жұмыс сапары.

2022 жылғы 24-25 қазанда – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің «Орталық Азия – Корея Республикасы» 15-ші форумына қатысу үшін Корея Республикасына сапары.

2023 жылғы 13-15 сәуірде – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Р.Склярдың Корея Республикасына жұмыс сапары.

2023 жылғы 3-6 мамырда – Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғазиевтің Корея Республикасына сапары.

2023 жылғы 4-7 мамырда – Ұлттық экономика министрі А.Қуантыровтың Азия даму банкінің 56-шы жыл сайынғы отырысына қатысуы.

2024 жылғы 18-21 қаңтар - Туризм және спорт министрі Е.Маржықпаевтың IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысуы.

 

Парламентаралық ынтымақтастық

ҚР Парламентінде Корея Республикасымен ынтымақтастық жөніндегі топ құрылды. Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясында (ҰА) Қазақстанмен достық қауымдастығы жұмыс істейді, оның делегациясы ҚР-ға 1995, 2002, 2007 және 2017 жж. келді.

Депутат Хван Джин Ха бастаған делегация 2009 ж. 22-28 қыркүйекте Азияның саяси партияларының халықаралық конференциясының V Бас Ассамблеясына қатысу үшін Астанаға келді.

2018 ж. 11-15 наурызда Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Чон Се Гюн ҚР-ға сапармен келді.

2018 ж. 1-2 мамыр аралығында Корея Республикасының депутаты, Солтүстік экономикалық ынтымақтастық комитетінің төрағасы Сон Ён Гиль Қазақстанға сапармен келді.

2018 ж. 8 қазанда Анталья қаласында Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің III кеңесі аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Мун Хи Санмен кездесті.

2019 ж. 23-25 қыркүйекте Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысу үшін Корея Республикасы Спикері Мун Хи Санның Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапары өтті.

2021 ж. 13 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Пак Бен Сокпен БКБ форматында келіссөздер өткізді.

2021 ж. 8 қыркүйекте ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин Венадағы бесінші Дүниежүзілік парламенттік форум аясында Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Пак Бен Сокпен кездесті.

2021 жылғы 13 қыркүйекте ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин мен Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Пак Бен Сокпен телефон арқылы сөйлесті.

2022 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин мен Корея РеспубликасыҰлттық Ассамблеясының Төрағасы Пак Бен Сокпен телефон арқылы сөйлесті.

2022 жылғы 1-4 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы А.Милютин және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Ғ.Елеуов Корея Республикасына іссапармен келді.

2022 жылғы 31 шілде - 2 тамыз аралығында Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Қазақстанмен достық тобының төрағасы У Вон Шик бастаған Оңтүстік Корея парламенттік делегациясы Қазақстан Республикасына сапармен барды.

2023 жылғы 4 мамырда Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Экология және еңбек жөніндегі комитетінің төрағасы Чон Хэ Чхоль Қазақстан Республикасына сапармен барды.

2023 жылғы 14-16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошановтың «Орталық Азия – Корея Республикасы» Парламент спикерлері конференциясының 1-ші отырысына қатысты.

 

Көпжақты ынтымақтастық

Корея Республикасы 2017-2018 жж. кезеңінде БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдады, ҚР 2013-2014 жж. кезеңінде БҰҰ ҚК-де Корея Республикасы үшін дауыс берді.

Оңтүстік Корея 2007-2009 жж. ЭКОСОС-қа ҚР кандидатурасына дауыс берді, 2005 ж. Сеул Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін қолдады.

АӨСШК 2-ші Саммитінде (2006 ж.17 маусым, Алматы қ.) Сеул кеңестің толық құқылы мүшесі болды.

Қазақстан «Орталық Азия – Корея Республикасы» форумына қатысуда. 2016 ж. форумның Хатшылығы құрылды. Форумның 13-ші отырысы 2020 ж. 25-26 қарашада Сеул қаласында Сыртқы істер министрлері деңгейінде өтті.

Корея Республикасы АЭХА-ның «Қиыр Шығыс» өңірлік тобына қосылу бойынша топтың қазіргі мүшелері Сеулдің ағымдағы мәртебесін сақтауға келіскен жағдайда ҚР кандидатурасын қарастыруға дайын. Бұл мәселеде Сеул КХДР ядролық проблемасына байланысты елдің АЭХА Басқарушылар кеңесіне ұзақ мерзімді мүшелігін сақтау қажеттігін мәлімдей отырып, қағидатты ұстанымды ұстанады.

Корея Республикасы 2015 ж. 5 желтоқсанда және 2018 ж. 1 қарашада «Ядролық қарудан азат әлем құру туралы Жалпыға ортақ декларация» бойынша ҚР бастамасына қарсы дауыс берді.

Дата публикации
31 марта 2020
Дата обновления
18 мая 2023
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
28 мая 2025
Құжаттарды заңдастыру
Ақпарат
24 апреля 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
24 апреля 2025
Консулдық алым мөлшері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары