Меню

Страницы

Статья

Консулдық және визалық мәселелер

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшігінің Консулдық бөлімі шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары бекіткен ҚР қолданыстағы нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысына және Қазақстан Республикасы 1993 жылдың көктемінде қосылған 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясына сәйкес ҚР азаматтары мен шетел азаматтары үшін қызметтер көрсетеді.

 

Консулдық бөлімнің жұмыс тәртібі:

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі

Мекенжайы: Сеул қ., Йонгсан ауданы, Джангмунро көш., 53 (53 장문로, 용산구, 서울)

Жұмыс тәртібі:

Келушілерді консулдық мәселелер бойынша қабылдау дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері сағат 9.30-ден 12.30-ге және 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Сәрсенбі күні — қабылдамайтын күн.

Сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан мереке күндері - демалыс күні.

Онлайн жазылу үшін сілтеме бойынша өтіңіз - https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/online-booking?lang=kk 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері:

Егер мереке демалыс күндеріне сәйкес келсе, демалыс келесі аптаның бірінші жұмыс күніне ауысады.

Қазақстан Республикасының бекітілген ресми мемлекеттік және ұлттық мерекелері:

1, 2 қаңтар - Жаңа жыл

7 қаңтар - Рождество күні

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

21, 22, 23 наурыз - Наурыз мейрамы

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

9 мамыр - Мемлекеттік мереке - Жеңіс күні

6 шілде - Мемлекеттік мереке - Астана күні

30 тамыз - Мемлекеттік мереке - Конституция күні

25 қазан - Мемлекеттік мереке - Республика күні

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні

16 желтоқсан - ұлттық мереке - Тәуелсіздік күні

Мұсылман күнтізбесінде белгіленген құрбан айттың бірінші күні- демалыс күн.

 

 

Дата публикации
30 июня 2020
Дата обновления
28 июня 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
28 мая 2025
Құжаттарды заңдастыру
Ақпарат
24 апреля 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
24 апреля 2025
Консулдық алым мөлшері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары