Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда ата-аналардың еркін түрде жазылған жазбаша түсініктемесі қосымша ұсынылады.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).
Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.
ЕГЕР АТА-АНАНЫҢ БІРІ БАСҚА ЕЛДІҢ АЗАМАТЫ БОЛСА
Баланың тууын тіркеу Корея клиникасы берген медициналық туу туралы анықтама негізінде жүргізіледі.
Баланың тууын тіркеуге арналған өтініш Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-анадан бала туған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей қабылданады.
Туу туралы куәлік алу үшін баланың ата-анасының бірінің Қазақстан Республикасының Сеул қаласындағы Елшілігіне жеке өзі келуі және келесі құжаттарды 2 дана көшірмесімен ұсынуы қажет:
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген екі айлық мерзім бұзылған жағдайда қосымша төмендегі құжат ұсынылады:
Әке болуды анықтаумен байланысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда:
Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті ( сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.
Дайын құжаттарды беру: сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.
Мекен-жайы: 53 Jangmun-ro, Yongsan-gu, Seoul (04392)
Телефон арқылы хабарласыңыз: +82 2 379 9714 және / немесе электрондық пошта: seoul@mfa.kz