Меню

Страницы

Статья

ҚР азаматының паспортын ресімдеу

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҚР Консулдық мекемелері арқылы ҚР азаматтарына:

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарға;
  • шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатындарға;
  • шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда кәмелетке толмағандарға;
  • көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатындарға;
  • шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;
  • жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және организм функциялары бұзылып, тұрмыс-тіршілігін шектейтіндей тұрақты денсаулығы нашарлаған адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарын күтуді жүзеге асыратын адамдарға;
  • шет мемлекеттің аумағында ұсталғандарға немесе күзетпен ұсталғандарға, қамауға алынғандарға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеушілерге көрсетеді.

Назар аударамыз!!! Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу Консулдық мекеменің құзыретіне жатпайды.

Құжаттарды дайындауға кіріспес бұрын, тіркеудің бар-жоғын тексеруді ұсынамыз.

  • Өтініш.
  • Паспорт беруге арналған өтініш-формулярдың толтырылған көшірмесі (азаматтың қолы деген бағанада жеке қолы шеңберден шықпай қойылуы тиіс);
  • Туу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі;
  • ҚР азаматы паспортының түпнұсқасы және көшірмесі;
  • Неке қию/ажырасу туралы куәліктердің түпнұсқасы және көшірмесі. Егер неке қию/ажырасу Кореяда тіркелген болса, онда «Apostille» мөртаңбасы қойылған қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасының болуы міндетті;
  • Оңтүстік Кореяға тұрақты тұруға келген ҚР азаматтары үшін Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға тұрақты шыққан туралы кету парағы;
  • Қазақстандық студенттер үшін (ТТР жоқ адамдар үшін) - ЖОО-да оқып жатқандығы туралы нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы бар университет анықтамасы;
  • Оңтүстік Корея аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары үшін (ТТР жоқ адамдар үшін) - еңбек келісім - шартының түпнұсқасы мен көшірмесі (көшірмесінде «Apostille» мөртаңбасы қойылған қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасының болуы міндетті);
  • 3,5х4,5 фотосурет – 4 дана. Құжаттарды консулдық бөлімге тапсыру кезінде сурет өтініш білдірушінің жасына сәйкес келуі керек, тура алдынан жарық фонда күлкісіз түсірілген, бейнеңіз 75% - тен кем болмауы қажет, сондай - ақ басыңыздың үсті мен суретіңіздің екі жанында ақ жиек қалу керек;
  • Оңтүстік Корея органдарының елде тұруға рұқсат берген (Allen card) құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (көшірмесінде «Apostille» мөртаңбасы қойылған қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасының болуы міндетті);
  • Жоғалған паспорттың орнына жаңасын ресімдеген кезде жергілікті полиция бөлімшесінен паспорттың жоғалуы туралы куәландырған қазақ немесе орыс тілінде аудармасы бар анықтама;
  • Алғашқы рет паспортты ресімдейтін тұлғаларға (16 жасқа толмағандар үшін) баланың дерегі жазылған ата-анасының паспортын және оның көшірмесі;
  • Консулдық алым – 100 АҚШ доллары.
  • Құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - күнтізбелік 90 күн
  • 100 АҚШ доллары

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: 53 Jangmun-ro, Yongsan-gu, Seoul (04392)

Телефон арқылы хабарласыңыз: +82 2 379 9714 және / немесе электрондық пошта: seoul@mfa.kz

Дата публикации
22 декабря 2023
Дата обновления
29 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
28 мая 2025
Құжаттарды заңдастыру
Ақпарат
24 апреля 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
24 апреля 2025
Консулдық алым мөлшері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары