Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлігін беру Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» № 518 Кодексінің 28 тарауымен жүзеге асырылады.

Некені бұзу ерлі-зайыптылардың бірлескен келісімі бойынша, кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын негізінде тіркеледі. Кәмелетке толмаған балалары болған кезде сот шешімінің негізінде жүргізіледі.

Кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың ортақ келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Сеулдегі Елшілігіне келесі құжаттармен өтініш білдіруі қажет:

1.       Белгіленген өтініш формасы – 2 дана;

2.       Арызданушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және 2- көшірме);

3.       Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама - 2 дана (шетел азаматтары үшін «Апостиль» мөртабанын қоюмен);

4.       Неке қию туралы куәлігі (түпнұсқасы және 2- көшірме);

5.       Консулдық алым – 45 АҚШ доллары.

 

  Некені бұзуды тіркеу мерзімі

Некеге бұзу туралы бірлескен өтініш бір ай бұрын беріледі. Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс күні болмаса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі. Некені бұзуды тіркеу ажырасушылардың тікелей қатысумен жүргізіледі.

 

ҚР Елшілігі Консулдық бөлімінің қабылдау уақыты :

Сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерден басқа 9.00-ден 12.00-ге дейін

Дата публикации
06 октября 2020