Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу

Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу тәртібі туралы ақпарат

 

Қазақстан Республикасынан Оңтүстік Корея аумағына уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрақты тұрғылықты тұруға ниет бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Сеулдегі Елшілігіне мынадай құжаттармен өтініш білдіре алады:

1)  Өтініш – 2 дана;

2) Берілген нысандағы өтініш-сауалнама – 2 дана;

3) ҚР азаматының паспорты мен жеке куәлігі және олардың көшірмелері – 2 дана; Қазақстан азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда өтініш беруші еркін үлгіде жазбаша түсініктеме береді.

ҚР азаматының паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда өтініш беруші Қазақстан заңнамасына сәйкес ҚР-дың шет елдегі азаматының паспортын дайындауға арналған құжаттарды жазбаша түсініктемемен бір уақытта береді;

4) 16 жасқа толмаған балалардың туу туралы куәліктері және олардың көшірмесі – 2 дана;

5) Отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелері болған жағдайда – алимент алушылар – егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не кететін адамның кету үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін анықтау туралы соттың шешімі беріледі.

6) Әскери есептен шығарылғаны туралы анықтама және оның көшірмесі - 2 дана;

Әскери есептен шығарылғаны туралы анықтама болмаған жағдайда өтініш беруші әскери билеттің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлік) түпнұсқасын және Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуына байланысты әскери есептен шығу және жеке әскери-есептік құжатты тапсыру туралы анықтама беру туралы берілген үлгілегі нысан бойынша   ӨТІНІШІ ұсынылады.

Өтініш берушінің әскери билетін (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлігі) қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) алып қойған болса, әскери билеттің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлігінің) қабылданғаны туралы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) берген қолхат ұсынылады;

7) Ата-анасымен не өзге де заңды өкілдерімен кету туралы шешім қабылданған кезде он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы және оның көшірмесі – 2 дана;

8) Он сегіз жасқа толмаған ҚР азаматтары ата-анасының бiрiмен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан аумағында тұратын ата-анасының екiншiсінің нотариалды түрде расталған келiсiмi және оның көшірмесі – 2 дана. Келiсiм болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртiбiмен шешiлуі мүмкін;

9) Консулдық алым – 140 АҚШ доллары.

 

Өтініштің қарастыру мерзімі: 6 ай немесе оданда көп уақытты құрайды.

Сіздің өтінішіңіз бойынша оңды шешім қабылданғаннан кейін, Сіз Оңтүстік Кореяда тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы ретінде келесіге құқыңыз бар:

1) Елшіліктің консулдық бөлімінде консулдық тіркеуге тіркеуге тұруға.

Бұл Сізге: жаңа паспорт алуға (мысалы, тегін ауыстыру барысында, паспорттың барлық беттері қолданылған жағдайда, паспорттың мерзімі аяқталғанда немесе Сіздің балаларыңызға паспорт алу) мүмкіндік береді;

2) ҚР азаматтығынан шығу үшін консулдық бөлімге өтініш білдіруге.

Дата публикации
20 мая 2020