ҚР-дың Оңтүстік Кореядағы Елшіліктің Консулдық бөлімі жаңа паспорт ресімдеуге келесі ҚР азаматтарынан құжаттар қабылдайды:
- болу елінің оқу орындарында бір жылдан кем емес мерзімде білім алып жүргендер;
- болу елінде бір жылдан кем емес еңбек келісім-шарты бар жұмысшылар;
- Қазақстанның құзырлы мекемелерімен берілген Қазақстаннан тыс жерде тұрақға рұқсаттың көшірмесі;
- аталған тұлғалармен бірге тұратын жанұя мүшелері.
Оңтүстік Кореяға жеке сапармен, туризм және т.б. мақсатпен келген азаматтар өз паспорттарын алмастыруды немесе оны жаңартуды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері бойынша ресімдеуі тиіс.
ҚР азаматының паспортын айырбастауға қатысты құжаттарды тапсыру үшін өтініш білдірушінің жеке өзі Қазақстан Республикасының Сеулдегі Елшілігіне келесі құжаттарды көшірмелерімен бірге екі данада ұсынуы қажет:
1) Өтініш;
2) Паспорт беруге арналған өтініш-формулярдың толтырылған көшірмесі (азаматтың қолы деген бағанада жеке қолы шеңберден шықпай қойылуы тиіс);
3) ҚР азаматы паспортының түпнұсқасы және көшірмесі;
4) неке қию/ажырасу туралы куәліктердің түпнұсқасы және көшірмесі. Егер неке қию/ажырасу Кореяда тіркелген болса, онда «Apostille» мөртаңбасы қойылған қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасының болуы міндетті;
5) Оңтүстік Кореяға тұрақты тұруға келген ҚР азаматтары үшін Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға тұрақты шыққан туралы кету парағы;
6) Қазақстандық студенттер үшін (ТТР жоқ адамдар үшін) - ЖОО-да оқып жатқандығы туралы нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы бар университет анықтамасы;
7) Оңтүстік Корея аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары үшін (ТТР жоқ адамдар үшін) - еңбек келісім - шартының түпнұсқасы мен көшірмесі;
8) 3,5х4,5 фотосурет – 4 дана. Құжаттарды консулдық бөлімге тапсыру кезінде сурет өтініш білдірушінің жасына сәйкес келуі керек, тура алдынан жарық фонда күлкісіз түсірілген, бейнеңіз 75% - тен кем болмауы қажет, сондай - ақ басыңыздың үсті мен суретіңіздің екі жанында ақ жиек қалу керек;
9) Оңтүстік Корея органдарының елде тұруға рұқсат берген нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы бар құжаттар (Allen card);
10) Жоғалған паспорттың орнына жаңасын ресімдеген кезде жергілікті полиция бөлімшесінен паспорттың жоғалуы туралы куәландырған қазақ немесе орыс тілінде нотариаттық аудармасы бар анықтама;
11) Алғашқы рет паспортты ресімдейтін тұлғаларға (16 жасқа толмағандар үшін) баланың дерегі жазылған ата-анасының паспортын және оның көшірмесі;
12) Консулдық алым – 40 АҚШ доллары.
Құжаттарды қарастыру мерзімі - 2 ай немесе одан да ұзақ мерзім.
Корея Республикасына уақытша сапармен келген Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының паспортының мерзімі өткен немесе оны жоғалтқан жағдайда, ҚР-ға қайтып оралуға арналған куәлікті алу үшін Қазақстан Республикасының Сеулдегі Елшілігінің консулдық бөліміне өтініш білдіруіңізге болады.
Өтініш білдіруші аталған куәлікті алу келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
1) Өтініш;
2) ҚР паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі (бар болса, жеке куәліктің түпнұсқасы) болмаса өтініш иесінің жеке басын айқындауға, тұрғылықты жерін анықтауға және ҚР азаматтығына қатыстылығын растауға мүмкіндік беретін фотосуреті бар құжаттар (әскери билет, қызметтік куәлік);
3) Паспортты жоғалту себебімен оның өтініш білдіргенін растайтын жергілікті полицияның құжаты (анықтама, хаттама) (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен).Бұл тармақ паспортының мерзімі өткен немесе жарамсыз болған Қазақстан азаматтарына қатысы жоқ;
4) Фотосурет 3,5х4,5 – 2 дана;
5) Консулдық алым - 10 АҚШ доллары.
Ресімдеу мерзімі - 5 күн.