Тууды тіркеу куәлігі

Туу туралы куәлігі

 

Баланың туу туралы куәлігін рәсімдеу Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» № 518 Кодексінің 25 тарауымен жүзеге асырылады.

 Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған баланың тууын тіркеу Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде жүргізіледі.

Баланың тууы туралы өтінішін оның ата-аналары Қазақстан Республикасының Сеулдегі Елшілігіне оның туған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей беруге тиіс.

 Ал бала өлі туған жағдайда, босанған кезден бастап бес күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының жақын маңдағы өкілдігіне арыздануы керек.

Баланың тууын тіркеу және тиісті куәлігін рәсімдеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1.       Белгіленген өтініш формасы  - 2 дана;

2.       Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі- екі дана);

3.       Ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі- екі дана);

4.       «Apostille» таңбасы бар қазақ немесе орыс тілінде аударылып, нотариалды куәландырылған туу туралы медициналық куәліктің тұп-нұсқа және және оның көшірмесі;

5.       Консулдық алым – 25 АҚШ доллары.

 

Баланың тууы белгіленген мерзімді бұза отырып тіркелген жағдайда қосымша келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1.       ата-анасының түсініктемесі;

2.       «Apostille» таңбасы бар баланың денсаулығы туралы анықтама.

Екі немесе одан да көп бала туылған жағдайда, әр балаға бөлек өтініш беріледі.

 

Баланы тіркеу мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні.

ҚР Елшілігі Консулдық бөлімінің қабылдау уақыты :

Сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерден басқа 9.00-ден 12.00-ге дейін.

Дата публикации
06 января 2021