Қазақстан Республикасына қайтып оралуға
арналған куәліктерді алу туралы
А Қ П А Р А Т
(құжатты жоғалуы немесе оның жарамсыз болуы)
Корея Республикасына уақытша сапармен келген Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының паспортының мерзімі өткен немесе оны жоғалтқан жағдайда, ҚР-ға қайтып оралуға арналған куәлікті алу үшін Қазақстан Республикасының Сеулдегі Елшілігінің консулдық бөліміне өтініш білдіруіңізге болады.
Өтініш білдіруші аталған куәлікті алу келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
- Құжаттың жоғалу себебі көрсетілген ҚР-ға қайтып оралуға арналған куәлік беру туралы өтініш;
- ҚР паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі (бар болса, жеке куәліктің түпнұсқасы) болмаса өтініш иесінің жеке басын айқындауға, тұрғылықты жерін анықтауға және ҚР азаматтығына қатыстылығын растауға мүмкіндік беретін фотосуреті бар құжаттар (әскери билет, қызметтік куәлік);
- 3. Паспортты жоғалту себебімен оның өтініш білдіргенін растайтын жергілікті полицияның құжаты (анықтама, хаттама) (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен).Бұл тармақ паспортының мерзімі өткен немесе жарамсыз болған Қазақстан азаматтарына қатысы жоқ;
- 4. Фотосурет 3,5х4,5 – 2 дана;
- Консулдық алым - 10 АҚШ доллары.
Ресімдеу мерзімі - 5 күн.
ҚР Елшілігі Консулдық бөлімінің қабылдау уақыты :
Сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерден басқа 9.00-ден 12.00-ге дейін