
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Департамент директорлары деңгейінде Қазақстан – Оңтүстік Корея мәдени ынтымақтастық жөніндегі комиссия жұмыс істейді (3 отырыс өтті – 2010 ж. 22 желтоқсанда, 2013 ж. 22 қарашада, 2018 ж. 15 қарашада және 2022 жылғы 2 маусымда).
2004 ж. бастап Хангук шет тілдер университетінің Орталық Азияны зерттеу кафедрасында қазақ тілі оқытылады.
Екі елдің астаналары (2004 ж.), сондай-ақ Алматы облысы мен Кенги провинциясы (2008 ж.) арасында бауырластық қатынастар орнатылды. Ақтау мен Чханвон қалалары арасында достық пен ынтымақтастық туралы хаттама (2012 ж.) жұмыс істейді.
Корея Республикасына А.Мұсақожаева мен «Солистер академиясы», Г.Мырзабекова, Ж.Әубәкірова, Н.Үсенбаева, «Елімай», «Іскер», «Нарын», «Адырна», «Алтынай», «Дидар», «Наз» және «Дәурен» ұжымдары концерттерімен келді. Қазақ мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрі мен Сеул филармониялық оркестрі арасында серіктестік қатынастар орнатылды.
2010 ж. Корея Республикасында Қазақстан Жылы, 2011 ж. ҚР-да Корея Республикасы жылы болып жарияланды (30 – ға жуық мәдени іс-шаралар өткізілді).
2016 ж.10 қарашада Сеулде «Түркітілдес мемлекеттер фестивалі» аясында «Әміре Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармонияның» «Кербез» фольклорлық ансамблінің қатысуымен «Қазақстанның Ұлттық күні» өтті. Зергерлік бұйымдар, мүсіндер көрмесі, сондай-ақ қазақстандық кинолардың көрсетілімі өтті.
Оңтүстік кореялық CGV кинокомпаниясы корей субтитрімен «Жаужүрек мың бала» киносы көрсетілімінің құқық иеленушісі болып табылады.
2018 ж. 8-14 ақпанда Пхенчханда XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысу үшін ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы Корея Республикасына келді.
2018 ж. 27 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Сеулде ҚР астанасының 20 жылдығына арналған «Астана – Ұлы дала жауһары» атты фотокөрме ұйымдастырылды.
2018 ж. 27 қараша мен 2019 ж. 28 ақпан аралығында Корея Республикасының Ұлттық музейінде ҚР Ұлттық музейінің коллекциясынан: «Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» және «Қазақстан-Алтын адамның бесігі» атты екі көрме өтті.
2018 ж. 27 қарашадан бастап 2019 ж. 3 наурызға дейін Сувон қаласындағы «I park» мұражайында «Фокус Қазақстан – Еуразиялық Утопия» көрмесі өтті.
2019 ж. 22-28 сәуірде Сеулде «Наурыз» фестивалі аясында «Ұлы Дала» тобының концерті өтті.
2021 ж. маусым айында Қазақстан – Корея мәдениет, өнер және білім ассоциациясы құрылды.
2021 ж. 17 тамызда ҚР Президентінің Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Сеулде Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды.
2021 ж. 9 - 14 қараша аралығында Сеул қаласында «Ядролық қарусыз әлем» атты фотокөрме өткізілді.
2022 ж. 8-16 қаңтар аралығында қазақстандық велошабандоз Дамир Көшеев дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Пусан – Сеул бағыты бойынша велошеру жасады.
2022 ж. 24 маусымда Пусан қаласында Қазақстан кинофестивалі өтті.
2022 ж. 23-26 маусымда Мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының Корея Республикасында гастрольдік сапары өтті.
2022 ж. 30 маусымда Сеулде Қазақстан корейлерінің қоныс аудару тарихына арналған «Үміт елі» көрмесі ашылды.
2022 ж. 14 қазанда Сеулде Қазақстанға туризм бойынша Дөңгелек үстел өтті.
2022 ж. 14-16 қазанда Сеулде Қазақстан мәдениетінің фестивалі өтті.
2022 ж. 18-19 қазанда Ыйджонбуда Қазақстан киносының күндері өтті.
2022 ж. 19 қазагда Тэгу қаласында Айман Мұсаходжаеваның концерті өтті.
2022 ж. 6 желтоқсаны – 2023 ж. 12 ақпаны аралығында Сеул қаласында «Алматы – Ұлы даланың інжу-маржаны» атты көрме өтті.
2023 ж. 18-26 ақпан аралығында Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы қазақ камералық хорының гастрольдік сапары өтті.
2023 ж. 28-29 сәуірде Ыйджонбу қаласында өткен Орталық Азия кинофестивалі аясында «Нартай» және «Паралимпиадашы» қазақ фильмдері көрсетілді.
2023 ж. 4-7 мамырда Сеул халықаралық туристік көрмесінде Алматы облысының стенді таныстырылды.
2023 ж. 17 тамызда Республикалық мемлекеттік корей театрының «Ғажайып 40 күн» спектаклінің көрсетілімі өтті.
2023 ж. 13-15 қазанда Еуразия мәдени алмасу фестивалінде әнші Майра Ілиясова, дизайнер Тәрбия Айдынбаева, айтыскер Данияр Алдабергенов, қолөнерші Ырза Тұрсынзада, «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамбль өкілдері өнер көрсетті.
2023 ж. 17 қарашада Пусан қаласында «Сазген сазы» ансамблінің концерті өтті.
2023 ж. 11 желтоқсанда «Visit Aktobe» Road Show аясында Сеул қаласында еліміздің туристік әлеуеті таныстырылды.