Дипломатиялық қатынастардың 32 жылында қатынастардың кең ауқымы бойынша кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететін берік шарттық-құқықтық база құрылды. Барлығы 30-дан астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық шарттарға қол қойылды.
Қол қойылған маңызды екіжақты құжаттар: Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы сауда келісімі (1992 ж. шілде, Алматы); Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы келісім (1995 ж. Мамыр, Сеул); Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Корея Республикасының Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім (2010 ж. шілде, Сеул); Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардың өзара күшін жою туралы келісім (2014 ж. маусым, Сеул) ; Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы мемлекеттері басшыларының кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдемесі (2021 ж. тамыз, Сеул).
Тараптар шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.