
Жапония, Канада, Германия, Оңтүстік Корея және Қытай секілді елдер көптеген жылдар бойы Вашингтон штатының негізгі сауда серіктестері болып келеді. Бүгінгі таңда Вашингтон штаты Қазақстанның экономикалық әлеуетін мойындап, тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін растады. Бұл туралы 2021 жылдың 4 қарашасында штат губернаторының міндетін атқарушы Денни Хек Қазақстанның Бас консулы Азамат Әбдірайымовпен кездесуінде мәлімдеді.
Вашингтон штаты - Америка Құрама Штаттарындағы экономикалық құбылыс, халық саны бойынша 13-ші орында болғанмен халықтары тығыз орналасқан Калифорния мен Техастан ғана кейін қалып, тауар экспорттау жағынан бірінші үштікке еніп отыр. 2020 жылы штаттың экспорты 41,3 миллиард АҚШ долларынан асып отыр.
Вашингтонның табысты экспорттық стратегиясы мен диверсификацияланған экономикасын ескере, сапар барысында Вашингтон штаты Сауда департаментінің басқарушы директоры Крис Гринмен де кездесу ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, сапар аясында Қазақстаннан бала асырап алған жанұямен және Сиэтл қаласында тұратын қазақстандықтармен кездесулер өткізілді.