Меню

Страницы

Статья

ЖСН және ЭЦҚ ресімдеу

Құрметті азаматтар мен өтініш берушілер!

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық мекемелерінде шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) рәсімдеу жөніндегі пилоттық жоба тоқтатылғанын хабарлаймыз.

Осыған байланысты шетел азаматтарының мемлекеттік цифрлық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ресми eResidency онлайн-платформасы іске қосылды. Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасының мемлекеттік бастамасы болып табылады және қашықтықтан форматта цифрлық сәйкестендіру мен ЖСН алуға мүмкіндік береді.

eResidency арқылы ЖСН алудың артықшылықтары:

  • цифрлық ID-карта мен ЖСН-ды қашықтықтан рәсімдеу;
  • банктік және іскерлік сервистерге қолжетімділік;
  • Қазақстан Республикасына немесе консулдық мекемеге жеке келу қажеттілігінің болмауы.

Осыған байланысты барлық мүдделі шетел азаматтарына ЖСН және оған байланысты қызметтерді алу үшін аталған сервисті пайдалануды ұсынамыз.


Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) — электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның иесіне тиесілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

ЭЦҚ тіркеу куәлігін алғаннан кейін тиісті жабық кілтті пайдалана отырып электрондық құжаттарға қол қоюға болады. ЭЦҚ-ның дұрыстығы электрондық құжатқа қоса берілген тіркеу куәлігі арқылы тексеріледі.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық жүйелерінде цифрлық қызметтерді алу үшін міндетті болып табылады және бірегей идентификатор болып саналады.

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының сайтына кіру: https://pki.gov.kz/;
  • ЭЦҚ алу үшін өтінімді толтыру;
  • Өтінімді басып шығарып, қол қою;
  • Өтініммен, жеке басын куәландыратын құжатпен (паспорт) және паспорттың негізгі бетінің көшірмесімен Қазақстан Республикасының Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығына келу;
  • Консулдық бөлім өтінімді растағаннан кейін ЭЦҚ-ны жүктеу үшін https://pki.gov.kz/ сайтындағы «Өтінім мәртебесін тексеру» бөлімін пайдалану.
  • Консулдық алым алынбайды.

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:00-ге дейін.

Мекен-жайы: 456 Montgomery St., Suite 950 & GC-5, San Francisco, CA, 94104 

Телефон арқылы хабарласыңыз: +1(650) 741-8894 (15.00-ден 16.00-ге дейін) және / немесе электрондық пошта: qazconsulsf@gmail.com  

Дата публикации
25 марта 2026
Дата обновления
08 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
25 марта 2026
ЖСН және ЭЦҚ ресімдеу
31 марта 2025
Қайталама куәліктер мен анықтамаларды есепке алу
Ақпарат
30 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары