Меню

Страницы

Статья

ҚР оралуға арналған куәлікті ресімдеу

Қайтып оралуға арналған куәлік – иесінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасына бір реттік келу құқығын растайтын құжат.

 Қайтып оралуға арналған куәлікті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдердегі мекемелер):

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және келісімдерінде көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының қызметтік немесе дипломатиялық паспортын жоғалтқан не олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда;

2) Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда;

3) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан жағдайда;

4) босқындарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта жол жүру құжатын жоғалтқан жағдайда;

5) Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасына келу үшін құжаттары жарамсыз не Қазақстан Республикасына келуге арналған құжаттарын жоғалтқан азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген, Қазақстан Республикасына ұстап берілген не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасына берілген жағдайларда;

6) осы тармақтың 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға – олар «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3) немесе 6) тармақшаларына сәйкес жарамсыз жеке басын куәландыратын құжаттарын тапсырған жағдайда ресімдейді.

Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжат жоғалған / мерзімі аяқталғаннан кейін және Елшілік арқылы жаңа төлқұжат алуға өтініш бере алмайтын адамдарға Қазақстан Республикасына қайту туралы куәлік беріледі, ол үшін консулдық мекемеге келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болмаған жағдайда, анкетатолтыру қажет;
  3. 2 фотосурет (өлшемі 3,5х4,5 см, немесе 2х2 дюйм);
  4. Полицияның құжаттың жоғалғаны туралы оның жүгінгенін растайтын құжаты (анықтама, хаттама) (қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасымен). Паспортының мерзімі өткен немесе жарамсыз болған Қазақстан Республикасының азаматтары бұл тармақты елемей, полициядан анықтама / протоколсыз құжаттарды жібере алады;
  5. Өтініш берушіні анықтауға, оның тұрақты тұрғылықты жерін анықтауға және оның Қазақстан Республикасының азаматтығын растауға мүмкіндік беретін фотосуреті бар құжат (төлқұжат, жеке куәлік көшірмесі, әскери билет).
  6. Жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат тапсырылады.
Жарияланымның авторы
  • 2 (екі) жұмыс күні, жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болған кезде;
  • 10 (он) жұмыс күні, жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болмаған кезде.
  • Сумма – 10 АҚШ доллары

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:00-дан 12:00-ға дейін – құжаттарды қабылдау

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Құжаттар тізіміне қатысты сұрақтарыңыз болса qazconsulsf@gmail.com электрондық поштасына жіберіңіз. Сондай-ақ консулдық бөлімнің жұмыс кестесін ескере отырып, +1 (650) 741 8894  нөміріне қоңырау шалуға болады.

 

Дата публикации
21 декабря 2023
Дата обновления
21 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
25 марта 2026
ЖСН және ЭЦҚ ресімдеу
31 марта 2025
Қайталама куәліктер мен анықтамаларды есепке алу
Ақпарат
30 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары