Меню

Страницы

Статья

ҚР азаматының паспортын ресімдеу

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҚР Консулдық мекемелері арқылы ҚР азаматтарына:

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарға;
  • шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатындарға;
  • шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда кәмелетке толмағандарға;
  • көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатындарға;
  • шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;
  • жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және организм функциялары бұзылып, тұрмыс-тіршілігін шектейтіндей тұрақты денсаулығы нашарлаған адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарын күтуді жүзеге асыратын адамдарға;
  • шет мемлекеттің аумағында ұсталғандарға немесе күзетпен ұсталғандарға, қамауға алынғандарға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеушілерге көрсетеді.

Назар аударамыз!!! Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу Консулдық мекеменің құзыретіне жатпайды.

  • Өтініш
  • Формуляр 
  • Туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат.
    * Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда);
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде);
  • Өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті төрт фотосурет
    (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);
  • Тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген құжаттың біреуін тапсыру:
    * АҚШ-та тұрақты тұру фактісін растау: АҚШ-тың тұрақты резиденті картасының (Green card) апостильденген көшірмесі және нотариалды куәландырылған аудармасы (қазақ немесе орыс тіліне) және "АҚШ-қа тұрақты тұруға кетуге рұқсат етілген" паспортындағы белгінің көшірмесі және / немесе ҚР ІІМ Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы берген анықтама, кету парағының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы қажет). Егер сізде бұл құжат жоқ болса, «Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу» мақаласын оқыңыз.
    * АҚШ-та оқу фактісін растау: өтініш берушінің күндізгі оқу нысанының фактісін растайтын I-20 формасының апостильденген көшірмесі және нотариалды куәландырылған аудармасы (салыстыру үшін түпнұсқасы қажет);
    * АҚШ-тағы жұмыс фактісін растау: "Work authorization" және еңбек шартының апостильденген көшірмелері (бұл ретте job offer, letter of employment, salary proof, verification of employment және басқа да осыған ұқсас құжаттар қабылданбайды) (салыстыру үшін түпнұсқасы қажет); 
    * отбасылық жағдай фактісін растау: неке туралы куәліктің апостиль қойылған көшірмесі және нотариалды куәландырылған аудармасы (қазақ немесе орыс тіліне). Өтініш берушінің тегі өзгерген жағдайда, тегін жұбайының (зайыбының) тегіне ауыстыру фактісін растайтын құжатты ұсыну және "АҚШ-қа тұрақты тұруға кетуге рұқсат етілген" паспортындағы белгінің көшірмесі және / немесе ҚР ІІМ Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы берген анықтама, кету парағының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы қажет).
    Егер сізде бұл құжат жоқ болса, «Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу» мақаласын оқыңыз.
    * тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген фактісін растау: емдеуші дәрігерден анықтаманың апостильденген көшірмесі және нотариалды куәландырылған аудармасы (қазақ немесе орыс тіліне) (салыстыру үшін түпнұсқасы қажет).
  • Консулдық алым 100 АҚШ долл. мөлшерінде Қазақстан Бас консулдығының атына ресімделген ақша аударымы (Money Order) арқылы алынады.
  • * Сіздің Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелгеніңізге көз жеткізуіңізді сұраймыз ("АҚШ-қа тұрақты тұруға кетуге рұқсат етілген" паспортындағы белгінің көшірмесі және / немесе ҚР ІІМ Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы берген анықтама, кету парағының көшірмесі бар адамдардан басқа).
  • Құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - күнтізбелік 90 күн
  • 100 АҚШ доллары (АҚШ-тағы Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері төлемді тек тиісті мекенжайға рәсімделген Money Order (ақшалай тапсырыс) арқылы қабылдайтынын назарларыңызға саламыз. Money Order банк бөлімшелерінде, USPS пошта бөлімшелерінде және басқа да орындарда, мысалы, CVS дәріханаларында, Seven Eleven дүкендерінде және тағы басқа жерлерде рәсімдеуге болады. “Pay to” бөлімінде келесі атауды көрсету қажет: “Consulate General of Kazakhstan in San Francisco”).

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:00-ге дейін.

Мекен-жайы: 456 Montgomery St., Suite 950 & GC-5, San Francisco, CA, 94104

Телефон арқылы хабарласыңыз: +1(650) 741-8894 (15.00-ден 16.00-ге дейін) және / немесе электрондық пошта: qazconsulsf@gmail.com  

Дата публикации
10 декабря 2023
Дата обновления
04 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
25 марта 2026
ЖСН және ЭЦҚ ресімдеу
31 марта 2025
Қайталама куәліктер мен анықтамаларды есепке алу
Ақпарат
30 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары