Меню

Страницы

Статья

Мәдени ынтымақтастық

«Отандастар» қорымен ынтымақтастық

2019 жылғы 26-28 тамызда «Отандастар» қоры басшылық құрамының іс-сапары ұйымдастырылды. Делегация құрамына келесі бизнес өкілдері кірді: «Smart Advisory» ЖШС-тың Басқарушы серіктесі, «QazAngels» директоры Р. Рақымбай, «ABC-I2BF Seed Fund» ЖШС-тың Басшысы А. Сейфуллин және «Happycake Global» компаниясының негізін салушы және директоры А. Солтанов. Сапардың негізгі мақсаты-Кремний алқабында тұратын дарынды отандастармен жұмыс істеу, сондай-ақ Калифорния штатындағы қазақстандық мәдени-іскерлік үйдің ашылуы.

Сапар барысында «Silicon Valley Innovation Center» Вице-президенті Д. Куракинмен кездесу өтті. Қазақстандық диаспораның жас өкілдерімен бизнес-форум ұйымдастырылды. Іс-шараға Кремний алқабының технологиялық және стартап компанияларында жұмыс істейтін қазақстандықтар қатысты.

Сапар аясында қазақстандық инвестициялық қорлардың өкілдері елде бар стартаптар, бизнес жобалар мен отандастардың бастамаларын қолдау тетіктері туралы, соның ішінде Қазақстанда да ілгерілетудің нақты тетіктері туралы, сондай-ақ халықаралық нарықтарға шығару бойынша жәрдем көрсету туралы ақпарат берді.

 

ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының сапары

2019 жылғы 9 желтоқсанда ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының іс-сапары орын алды. Сапар барысында Сан-Франциско қаласындағы Азиялық мәдениет мұражайының директоры Джей Сюймен кездесу өтті.

Кездесуде мәдени ұйымдар арасында тікелей байланыс орнату және ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ Сан-Франциско қаласында «Алтын адам» көрмесін ұйымдастыру мәселесі қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Дата публикации
11 июня 2020
Дата обновления
11 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
25 марта 2026
ЖСН және ЭЦҚ ресімдеу
31 марта 2025
Қайталама куәліктер мен анықтамаларды есепке алу
Ақпарат
30 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары