Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу

Азаматтығын жоғалту – Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың түрі.

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту негіздері:

  • Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
  • Егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
  • Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
  • Егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін басқа мемлекеттің азаматтығын растайтын құжаттарды пайдаланған жағдайда;
  • Егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса;
  • Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, шетелдіктерге асырап алуға берілген бала кәмелетке толған кезде оның ерікті қалауы бойынша;
  • Адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан жоғалтады.

          Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

  • өтініш (еркін нысанда);
  • ҚР азаматының паспорты;
  • ҚР азаматының жеке куәлігі; Егер паспорт және/немесе жеке куәлігі болмаған немесе жоғалтып алған жағдайда жазбаша түсініктеме не аталған фактіні растайтын басқа құжат ұсынылады (16 жасқа толмаған балаларда ҚР азаматының жеке куәлігі болмағаны үшін түсініктеме жазудың қажеті жоқ);
  • шетел азаматы паспортының көшірмесі немесе шет мемлекеттің азаматтығын растайтын басқа құжат.

Келесі жағдайларда қосымша құжаттар тапсырылады:

Анықтамалық деректер өзгерген жағдайда (А.Ә.Т):

  • аталған фактіні растайтын құжат.

Кәмелет жасқа толмаған баласы үшін ата-анасы (ҚР азаматы немесе ҚР азаматы болған) құжат тапсырған жағдайда:

  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • Құжат тапсырған ата-анасының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі.

ЕСКЕРТПЕ: шет тілде жасалған құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармамен табыстауға міндетті. Шетелдік паспорттың аудармасы қажет емес.

30 күн

  • Қызмет - тегін;
  • Анықтаманы беру – 50 АҚШ доллары.

    (АҚШ-тағы Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері төлемді тек тиісті мекенжайға рәсімделген Money Order (ақшалай тапсырыс) арқылы қабылдайтынын назарларыңызға саламыз. Money Order банк бөлімшелерінде, USPS пошта бөлімшелерінде және басқа да орындарда, мысалы, CVS дәріханаларында, Seven Eleven дүкендерінде және тағы басқа жерлерде рәсімдеуге болады. “Pay to” бөлімінде келесі атауды көрсету қажет: “Consulate General of Kazakhstan in San Francisco”).

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:00-ге дейін.

Мекен-жайы: 456 Montgomery St., Suite 950 & GC-5, San Francisco, CA, 94104

Телефон арқылы хабарласыңыз: +1(650) 741-8894 (15.00-ден 16.00-ге дейін) және / немесе электрондық пошта: qazconsulsf@gmail.com  

Дата публикации
11 апреля 2020
Дата обновления
07 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
25 марта 2026
ЖСН және ЭЦҚ ресімдеу
31 марта 2025
Қайталама куәліктер мен анықтамаларды есепке алу
Ақпарат
30 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары