Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы стандартты операциялық рәсімдер

Адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілер үшін стандартты операциялық рәсімдер Ішкі істер министрлігі Халықаралық көші-қон ұйымының / БҰҰ Көші-қон агенттігінің қолдауымен әзірленді.

Стандартты операциялық рәсімдер (СОР) адам саудасына қарсы іс-қимылдың бірыңғай жүйесінде адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің іс-әрекеттер тәртібін айқындайды. Құжат адам саудасы құрбандарының құқықтарын алдын алуға, анықтауға, қорғауға және оларға қажетті көмек көрсетуге бағытталған мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және өзге де құрылымдардың келісілген жұмысын қамтамасыз етуге арналған.

Дата публикации
07 апреля 2026