
2025 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов «Жібек жолы» Халықаралық туризм және мәдени мұра университетінің Бірінші проректоры Дилмурод Насимовпен кездесу өткізді.
Тараптар ғылыми-білім беру, академиялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, бірлескен іс-шараларды өткізуге қызығушылық танытты, сондай-ақ білім беру саласындағы, оның ішінде тікелей ЖОО-лар арасындағы байланыстар арқылы байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Дилмурод Наимов университеттің құрылу және даму тарихы, кең ауқымды ғылыми және практикалық жұмыстар, шетел азаматтарына магистратурада оқуға гранттар беру туралы хабардар етті (қазіргі уақытта грант бойынша 8 қазақстандық магистрант оқиды).
Өз кезегінде Бас консул екі ел арасындағы ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.