Бас консулдық Орталық Азия зерттеулері халықаралық институтының директоры және "Жібек жолы"халықаралық туризм және мәдени мұра университетінің қазақстандық магистранттарымен кездесу ұйымдастырды

Бас консулдық Орталық Азия зерттеулері халықаралық институтының директоры және "Жібек жолы"халықаралық туризм және мәдени мұра университетінің қазақстандық магистранттарымен кездесу ұйымдастырды

2025 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығында Орталық Азияны зерттеу халықаралық институтының (МИЦАИ) директоры Эврен Рутбил мен «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университетінде «туризм» және «археология» мамандықтары бойынша гранттық негізде білім алып жатқан қазақстандық магистранттар арасында кездесу өтті.

Эврен Рутбил институттың тарихы және оның негізгі қызмет бағыттары, соның ішінде жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалар туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, магистранттардың түрлі жобаларға қатысу, волонтерлік қызмет, тағылымдамадан өту және институттың ғылыми әлеуеті мен материалдық-техникалық базасын қазақстандық магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалану мүмкіндіктерін жан-жақты түсіндірді.

Өз кезегінде, Бас консул Талғат Шәріпов Э.Рутбилге мазмұнды дәрісі үшін шынайы алғысын білдірді және магистранттарды МИЦАИ ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жан-жақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында одан әрі тығыз өзара іс-қимыл туралы уағдаластыққа қол жеткізді.