Бас консул Талғат Шәріпов пен Самарқанд облысы статистика басқармасының басшысы Шароф Әбдиевтің кездесуі өтті

Бас консул Талғат Шәріпов пен Самарқанд облысы статистика басқармасының басшысы Шароф Әбдиевтің кездесуі өтті

2025 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов пен Самарқанд облысының Статистика басқармасының басшысы Шароф Абдиев арасында кездесу өтті.

Тараптар әлеуметтік-экономикалық статистиканың негізгі міндеттері, оның ішінде Самарқанд облысындағы экономика, инвестициялар, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, сыртқы сауда, демография, қызмет көрсету және туризм салалары туралы пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақ-өзбек қатынастарын одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.