
2025 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов «AGROPRO EXPO – 2025» төртінші халықаралық көрмесіне барды, көрмеде ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, фермерлік шаруашылықтарға арналған автоматтандыру жүйелері, сондай-ақ ауыл шаруашылығының барлық салаларындағы басқа да заманауи технологиялар ұсынылды.
Көрмеде қазақстандық кәсіпорындар шығаратын «Ростсельмаш» және «Ремсинтез» брендтерінің ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары таныстырылды.
Іс–шара аясында панельдік пікірталастар өтті, онда жетекші компаниялардың өкілдері-спикерлер ауыл шаруашылығы саласындағы отандық және шетелдік компаниялардың жетістіктері мен тәжірибесін таныстырды.
Көрме алаңында Бас консул бірқатар кездесулер өткізіп, панельдік пікірталастарға қатысты, оның барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың дамуы, тенденциялары мен даму мүмкіндіктері талқыланды, сондай-ақ Қазақстанға инвестициялар тартуды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері негізінде мемлекеттік қолдау туралы хабардар етті.