Самарқанд облысының Сауда-Өнеркәсіп палатасының төрағасымен кездесу

Самарқанд облысының Сауда-Өнеркәсіп палатасының төрағасымен кездесу

2025 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов Самарқанд облысының Сауда-Өнеркәсіп палатасының төрағасы Дилшод Мусиновпен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың жай-күйі мен оны кеңейту перспективаларын талқылады.

Бас консул көлік-логистика саласының әлеуетін және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Инвестициялық штаб тарапының инвесторларға белсенді қолдауын атап өтіп, Қазақстанның ағымдағы инвестициялық ахуалы туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің іскер қауымдастықтары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бизнес іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен бірге Талғат Шәріпов Қазақстанның экспорттаушыларының (өндірушілерінің) каталогын да тапсырды.