Талғат Шәріпов Түркия Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығына барды

Талғат Шәріпов Түркия Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығына  барды

2025 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов Түркия Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығына барды.

Талғат Шәріпов Қазақстанда Түркия Республикасының Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында көптеген адам шығыны мен өрт салдарынан зардап шеккендер туралы хабарды терең қайғырып қабылдағанын хабарлады. Қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айта отырып, барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Түркия Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Салих Джанермен әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы ынтымақтастық кеңейтілген стратегиялық әріптестік сипатында екенін атап өтіп, сондай-ақ елдердің Өзбекстан Республикасымен дамуы туралы пікір алмасты. Самарқанд қаласындағы дипломатиялық өкілдіктердің өзара ынтымақтастығының мүдделілігін растады.