Бас консул қазақстандық магистранттармен кездесті

Бас консул қазақстандық магистранттармен кездесті

2025 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университетінде грант негізінде білім алып жатқан қазақстандық магистранттармен кездесті.

 Кездесу барысында Талғат Шәріпов сапалы білім алудың маңыздылығын атап өтіп, магистранттарды кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі білім беру және мәдени бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.

 Сонымен қатар, Бас консул отандас-магистранттарды Бас консулдықтың қызметі, Қазақстан азаматтарының консулдық есепке тіркелуінің маңыздылығы, сондай-ақ Өзбекстанда шетелдік азаматтардың ұлттық заңнамасының міндетті сақталуы туралы ақпарат беріп, олардың қойған сұрақтарына жауап берді.  

 Қазіргі уақытта «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университетінде грант бойынша Қазақстанның 8 азаматы білім алуда. Жыл сайын үкіметаралық келісім шеңберінде Қазақстан азаматтарына Өзбекстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін мемлекеттік білім беру гранттары бөлінеді.