
2025 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов Самарқанд облысындағы «Зарафшон» және «Самаркандский вестник» бірлескен редакциясының Бас редакторы Фармон Ташевпен кездесу өткізді.
Бас консул Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың кеңге қанат жайғанын атап өтті.
Кездесу барысында тараптар ақпараттық кеңістіктегі екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылай отырып, тарихы және діні-ділі ортақ екі халықтың арасын одан әрі жақындату мақсатында экономикалық, туризм және мәдени-гуманитарлық т.б. тақырыптағы ақпараттық-танымдық мақалаларды жариялап тұруға уағдаласты.