Самарқандта құрылыс саласының көрмесі өтуде

Самарқандта құрылыс саласының көрмесі өтуде

2024 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов құрылыс және жөндеу ұйымдарының, сәулетшілердің, дизайнерлердің, әзірлеушілердің, құрылыс және әрлеу материалдарын өндірушілер мен жеткізушілердің стендтері ұсынылған «BUILD PRO EXPO 2024» үшінші халықаралық көрмесіне барды.

Іс–шара аясында панельдік пікірталастар өтті, онда жетекші компаниялардың өкілдері-спикерлер отандық және шетелдік құрылыс материалдарын, технологиялары мен арнайы жабдықтарын өндірушілердің жетістіктері мен тәжірибесін таныстырды. Қазақстандық тараптан «TIMUS GROUP» компаниясының негізін қалаушы – Қазақстан Құрылысшылар одағының Алматы қалалық филиалының директоры Тимур Нұртаев, «BI- TASHKENT» сату жөніндегі директоры Мадияр Ибраимханов және т.б. сөз сөйледі.

Көрме алаңында Бас консул бірқатар кездесулер өткізіп, панельдік пікірталастарға қатысты, оның барысында Өзбекстанның құрылыс нарығының дамуы, тенденциялары мен мүмкіндіктері талқыланды, сондай-ақ Қазақстанға инвестициялар тартуды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері негізінде мемлекеттік қолдау туралы хабардар етті.