
Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Өзбекстан – Қазақстан» IV өңіраралық, іскерлік форум шеңберінде құны $352 млн-нан асатын 76 құжатқа қол қойылды.
Форум қазіргі сын-қатерлер мен ынтымақтастық келешегін белсенді талқылауға арналған алаңға айналды. Оның аясында министрліктердің, шекара маңындағы өңірлер әкімдіктерінің басшылары және екі елдің бизнес-топтарының 200-ге жуық өкілі өңіраралық ынтымақтастық, өзара сауда-саттықты дамыту және бірлескен кәсіпорындар құру мәселелерін талқылады.
«B2B» форматында металлургия, құрылыс индустриясы, машина жасау, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, IT және туризм сияқты экономиканың келешегі бар бағыттарындағы өзара іс-қимылды тереңдету тетіктері қаралды.
Қазақстан мен Өзбекстан аймақтары арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.