Самарқандта церебральды сал ауруы бар балаларға тегін медициналық қызмет көрсету туралы Меморандумға қол қойылды

Самарқандта церебральды сал ауруы бар балаларға тегін медициналық қызмет көрсету туралы Меморандумға қол қойылды

Самарқандтық компания Өзбекстанмен шекаралас Қазақстан облыстарындағы (Шымкент қ., Түркістан және Қызылорда облыстары) церебральды сал ауруымен ауыратын балаларға тегін ем ұсынады

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде Қазақстан Республикасының Самарқандтағы Бас консулдығы және өзбекстандық «SAG Group» компаниясына қарасты «Bionur» клиникасы Қазақстанның шекаралас өңірлеріндегі церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу туралы Меморандумға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, «SAG Group» компаниясы өзінің «Bionur» клиникасында балалар церебральды сал ауруымен ауыратын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ай сайын 12 орын беретін болады. Квота аясына АҚШ, Ұлыбритания және Ресей өндірісінің ең озық жабдықтарында балаларды емдеу, емдеу курсы бойы оңалтудан өтіп жатқан 1 бала мен 1 еріп жүретін ата-ана үшін тұру және тамақтану кіреді. Қазақстан Республикасының облыстық Денсаулық сақтау басқармалары арқылы емделуге жазылуға болады.

«Bionur» клиникасы 2011 жылы «SAG Group» компаниясымен құрылған және содан бері науқастарға денсаулығын қалпына келтіруге көмектесіп келеді. Клиника әр емделушіге жеке және кешенді тәсілді қолданады, яғни мамандар әр науқастың жеке ерекшеліктеріне сүйене отырып, диагностика мен емдеу әдістерін таңдайды.