
2024 жылғы 13-14 мамыр аралығында Самарқандта «Әйелдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріндегі өңірлік тәсіл» тақырыбында Әйелдер Азиялық форумы болып өтті.
Аталған форумға шет елдердің және халықаралық ұйымдардың басшылық құрамы, Азия елдері парламенттерінің әйел депутаттары, үкімет мүшелері, сондай-ақ 400-ге жуық азаматтық қоғам институттарының өкілдері де қатысты.
Қазақстан Республикасының делегациясы Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары О.В.Перепечина, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Д.М.Еспаева және Әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссияның өкілдері Ш.Т.Каринова, Л.Ч.Қарабасова құрамында қатысты.
Форум аясында сегіз сессия өтті - әйелдердің экономикалық құқықтары мен олардың саяси мүмкіндіктерін кеңейту және әйелдердің сапалы білім мен ғылымға қолжетімділігін қамтамасыз ету, әйелдер мен отбасылық кәсіпкерлікті дамыту, әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жою талқыланды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының делегациясы Өзбекстан Республикасының Сенат Төрағасы Т.К.Нарбаевамен, сонымен қатар, Катар мемлекеттік Меджилис аш-Шура кеңестік жиналысының Вице-спикері Х. Сулайтимен екі жақты кездесулер өткізді. Кездесу барысында тараптар екі ел көшбасшыларының ашық және сенімді қарым-қатынасы елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін берік негіз болып табылатынын атап өтті, жоғары деңгейдегі екіжақты келісімдерді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды құқықтық қамтамасыз ету бойынша парламенттердің өзара ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.