Түркістан мен Самарқанд қалалары арасында жаңа әуе рейсі ашылды

Түркістан мен Самарқанд қалалары арасында жаңа әуе рейсі ашылды

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризм, мәдениет және экономика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Qazaq Air әуекомпаниясы мен Самарқандтық Air Marakanda компаниясы Түркістан – Самарқанд – Түркістан бағыты бойынша жаңа рейсті ашты. Жаңа әуе қатынасы мәдени мұраға бай екі тарихи қала арасындағы туристік ағындарды ұлғайту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.

Түркістаннан келген әуе кемесі 22 наурызда сағат 21:10 - да Самарқанд халықаралық әуежайына қонып, дәстүр бойынша су аркасынан өтті. Жолаушылармен бірге келген Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері және қазақстандық әуекомпания басшылығы өзбек халқының үздік дәстүрлеріне сәйкес қарнай және сұрнай ұлттық аспаптарының әуенімен қарсы алынды.

Әуе қатынасы аптасына екі рет келесі кестеге сәйкес жүзеге асырылады: Түркістаннан 20:20 – да ұшу - Самарқандқа 21:20-да келу. Самарқандтан 22:10 – да ұшу-Түркістан әуежайына 23:10-да келу.