Самарқандта «AGROPRO 2024» атты халықаралық көрме өтуде.

Самарқандта «AGROPRO 2024» атты халықаралық көрме өтуде.

2024 жылғы 20-22 ақпан аралығы Самарқанд қаласында Орталық Азия елдері, Ресей, Қытай, Иранның ауылшаруашылығы өнімдері, техника, құрал-сайман, агрохимикат т.б. өндіру бойынша 70-ке жуық жетекші компанияларының қатысуымен «AGROPRO 2024» атты халықаралық көрме болып өтуде.

Көрмеге еліміздің құрама жем өндіруші «Гермес 4», көкөніс тұқымын өндіруші «Rijk Zwaan» және ауылшаруашылығы техникасын өндіруші «Ростсельмаш» компаниялары қатысты. Қатысушылар форум аясында ұйымдастырылған панельдік сессия, семинар іс-шаралар жаңа тәжірибе мен білім алуға, Өзбекстан нарығын талдауға, сондай-ақ құнды іскерлік байланыстар орнатуға бірегей мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Сонымен бірге, форум барысында сатып алу қабілеті жоғары жергілікті компаниялармен байланыс орнату мақсатында B2B кездесулер ұйымдастырылды. Өзбекстан және жақын шет елдердің нарығына өзіндік өнімдерімен кіруге мүдделі қазақстандық компаниялар өкілдеріне сауда-саттық, логистика, инвестицялық ынтымақтастықты кеңейту мақсатындағы тығыз қарым-қатынасты қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.