
Самарқандта жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау жөніндегі Конвенция тараптарының 14 кездесуі (COP 14) өтуде
2024 жылғы 12-17 ақпан аралығында Самарқанд қаласында Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау жөніндегі Конвенция (Бонн конвенциясы) тараптарының 14 кездесуі (COP 14) өтуде. Бұл іс-шараға қазақстандық делегация ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Бірінші вице-министрі Нұркен Шәрбиевтің басшылығымен қатысуда.
Жаһандық кездесуге Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, БАӘ, Германия сияқты 130 елдің сарапшылары – барлығы 1700-ден астам делегат қатысуда. Отырыстың ашылуында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов кіріспе сөзінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің атынан қоныс аударатын құстардың планета экожүйесінің ажырамас бөлігі екендігі атап өтті. Қоныс аударатын құстар қазір мекендеу ортасының бұзылуы, климаттың өзгеруі және браконьерлік сияқты қиындықтарға тап болуда. Өзбекстан Президенті аталған мәселенің тез арада шешілу қажеттілігін айқындап, мемлекетте мұндай құстарға қолайлы жағдай жасау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Іс-шара барысында Қазақстан мен Өзбекстан Үстірт түбегінде мекендейтін жануарлар дүниесін сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты осы елдер аймағында қоныс аударып жүретін қарақұйрық, азиялық леопард, жабайы арқар, құлан және т.б. жануарлардың сүтқоректілерінің негізгі түрлерін сақтау бойынша трансшекаралық ынтымақтастықты орнату болып табылады.
Министрліктердің кездесу алаңында Қазақстан Өзбекстанмен және Қырғызстанмен бірге Африка мен Еуразияда қоныс аударатын жыртқыш құстарды сақтау жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қосылды. Меморандум Еуразия мен Африка өңірлерінің 60-тан астам елдерімен қабылданған және бұл құжат Конвенцияның шеңберінде қолданылатын болады.