Самарқандта шахматтан әлем чемпионатының ашылу салтанаты болып өтті

Самарқандта шахматтан әлем чемпионатының ашылу салтанаты болып өтті

  А.ж. 25 желтоқсанда Самарқандта шахматтың рапид пен блиц түрінен 26-30 желтоқсан аралығында өтетін әлем чемпионатының ашылу салтанаты болып өтті.
  Іс-шараның ресми ашылуы барысында рапид пен блиц жарыстарының негізгі қатысушылары қандай фигуралармен ойнайтынын анықтайтын дәстүрлі жеребе тартылды.
  Осы турнирде әлемнің 51 елінен 300-ден астам шахматшы, сондай-ақ қазіргі және бұрынғы әлем чемпиондары, танымал ойыншылардың әсерлі құрамы өнер көрсетеді деп күтілуде. Ерлер арасында қазіргі таңдағы рапид пен блиц бойынша әлем чемпионы және әлемнің үздік ойыншысы Магнус Карлсен, әлем чемпионы атағының үміткерлері Ян Непомнящий, Фабиано Каруана, сондай-ақ Левон Аронян бар. Әйелдер арасында қазіргі әлем чемпионы Цзю Вэньцзюнь және бұрынғы әлем чемпиондары Александра Костенюк, Мария Музычук, Тан Чжуньи, Антоанета Стефанова, сондай-ақ қазақстандық Бибісара Асаубаева қатысады.
  Қазақстандық шахматшыларға үздік нәтижелерге қол жеткізуге тілектестік білдіреміз.