«Gulobod Mebel MJCH» компаниясының басшылығымен кездесу

«Gulobod Mebel MJCH» компаниясының басшылығымен кездесу

  2023 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Самарқандтағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов жиһаз өнімдерін жасауға мамандандырылған «Gulobod Mebel MJCH» компаниясының өндірістік кәсіпорына барды.
​  Компания басшылығымен кездесу барысында Бас консул Қазақстан Үкіметінің елдің инвестициялық ахуалын жақсарту және инвесторлар үшін қолайлы орта қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан мақсатты жұмысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
  Өз кезегінде кәсіпорын басшысы Рахматов Фарход жиһаз өндіру саласында қазақстандық іскер ортамен ынтымақтастықты жолға қоюға қызығушылық білдірді.