
А.ж. 2 желтоқсанда Самарқандта Қазақстан, Өзбекстан, Румыния, Катар, Әзербайжан елдерінің жоғары білім беру университеттері басшылары мен студенттерінің басын қосқан дәстүрлі 8-ші Халықаралық студенттер симпозиумы болып өтті.
Іс-шараның ашылуы барысында сөз алған Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Б.Досманбетов конференцияның қатысушыларына Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласында жүргізіліп жатқан реформалары туралы ақпараттандырып, студенттерге қазіргі жаһандану кезеңінде сапалы білім алудың маңыздылығын атап өтті.
Конференция кезінде студенттер жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтану салаларындағы зерттеп жүрген тақырыптары бойынша ғылыми жобаларымен таныстырып, өз ойларын ортаға салды.