«Өзбекстан мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің әйелдерді қолдаудағы тәжірибесі» тақырыбындағы халықаралық форум Самарқандта өтті

«Өзбекстан мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің әйелдерді қолдаудағы тәжірибесі» тақырыбындағы халықаралық форум Самарқандта өтті

А.ж. 22 қарашада Самарқандта «Өзбекстан мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің әйелдерді қолдаудағы тәжірибесі» тақырыбындағы халықаралық форум болып өтті.

Форумға әлемнің 20-дан астам елінің, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшылығының, ИЫҰ әйелдерді дамыту ұйымының және Өзбекстанның заң шығарушы және атқарушы билігінің жоғары лауазымды өкілдері сондай-ақ Қазақстан тарапынан ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы қатысты.

Форум барысында әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жаңа жобалар мен бағдарламаларды дайындауға, сондай-ақ ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі отбасы институтын нығайтуға қызмет ететін нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

Қатысушылар ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты дамуындағы әйелдердің рөлі мен жағдайын арттыруға бағытталған жаңа бастамалар мен ұсыныстар ұсынды.